Анықтамасыз ұшып келген 213 азаматтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті

18 Ақпан 2021, 12:17
1224
Бөлісу:
Анықтамасыз ұшып келген 213 азаматтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2021 жылдың 17 ақпанында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпаратты таратты.

2021 жылғы 17 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Франция, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы, Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді. 1 780 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 365 адам, анықтамасыз 415 ҚР азаматы келді, - делінген хабарламада.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 872 жолаушы, анықтамамен - 850, анықтамасыз - 22;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 560 жолаушы, анықтамамен - 322; анықтамасыз - 238;

Қарағанды қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 8 жолаушы анықтамамен келген;

Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 243 жолаушы, анықтамамен - 88; анықтамасыз - 155;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 53 жолаушы анықтамамен келген;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 44 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Сонымен қатар комитет 2021 жылдың 16 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәліметті жариялады.

Айтуынша, анықтамасыз келген барлық 213 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсеткен.


Өзгелердің жаңалығы