Антисептикті өз қолыңызбен жасап алыңыз

18 Наурыз 2020, 09:25
14791
Бөлісу:
Антисептикті өз қолыңызбен жасап алыңыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдегі коронавирус ахуалына байланысты дәріханалар мен дүкендерде қолды таза ұстауға арналған антисептиктер тез таусылып жатыр. Ал кішігірім елді-мекенде тіпті қалмаған. Мұндайда антисептикті үй жағдайында жасауға болады. 

1-рецепт:
- 50 мл 90% медициналық спирт; - 30 мл глицерин (денсаулыққа, техникаға қолдану үшін әртүрлі майдан жасалатын ақшыл сұйық зат); - Кез келген эфир майынан 5 тамшы (апельсин, грейпфрут не жалбыз); Бәрін араластырып, дозаторы бар бөтелкеге құямыз. 
2-рецепт:
- 50 мл су; - 50 мл спирт тұнбасы (түймедақ, дәрілік қырмызыгүл); - 30 мл глицерин; - 5 тамшы лимонның эфир майы; Бәрін араластырып, дозаторы бар бөтелкеге құямыз. 
3-рецепт:
- 7 тамшы шай ағашының эфир майы; - 50 мл спирт тұнбасы (түймедақ, дәрілік қырмызыгүл); - 1 ас қасық алоэ гелі; Бәрін араластырып, дозаторы бар бөтелкеге құямыз. 

Өзгелердің жаңалығы