Бас жаңалықтар
Антарктикадан алып айсберг бөлініп кетті
28 Ақпан 2021, 11:26 364

Антарктикадан алып айсберг бөлініп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осыдан он жыл бұрын Брант мұздығында үлкен жарықтар пайда бола бастаған еді, енді одан үлкен айсберг бөлініп түсті.

Антарктикадан 1270 шаршы километр болатын алып айсберг бөлініп кетті. Бұл туралы Ұлыбританияның антарктикалық қызметі хабарлады.

Айсберг британиялық Halley зерттеу станциясы орналасқан Брант мұздығынан бөлініп кеткен. Мұздықтың қалыңдығы 150 метр.

10 жылдан астам уақыт бұрын оның үстінде үлкен жарықтар пайда бола бастаған еді. Қаңтарда ең үлкен жарықтардың бірі үлкейіп, нәтижесінде 26 ақпанда айсберг 1270 шаршы шақырым мұздан жарылып, бөлек кетті.

Ғалымдардың пікірінше, ол континенттен алыстап кетуі немесе қайраңға түсіп, мұздықтың жанында қалуы мүмкін.

Болған оқиға станция үшін қауіп төндірмейді. 2016 жылы ол Айсберг сынған жағдайда оны өзімен бірге алып кетпеуі үшін құрлықтың тереңіне көшірілді. 12 қызметкерден тұратын топ ақпан айының ортасында антарктикалық қыс келгенде станциядан кетті.


Фото: дереккөз
Загрузка...