Ескекші Дмитрий Холмогоров Азиада-2026 ойындарында қола жүлде жеңіп алды

Спортшы 500 метрлік жарыста үздік үштіктен көрінді

 ҚР ҰОК/Нұрғали Жұмағазы 26 Қыркүйек 2026, 19:07
26 Қыркүйек 2026, 19:07
129
Фото: ҚР ҰОК/Нұрғали Жұмағазы

Қазақстандық ескекші Дмитрий Холмогоров Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында бірлік-байдаркамен 500 метрге жарыстың финалында мәреге үшінші болып жетті.

Шешуші жарыста Холмогоров қашықтықты 1 минут 44,453 секундта бағындырды.

Жарыста Өзбекстан өкілі Шахриёр Махкамов 1:43,642 нәтижесімен жеңіске жетті. Екінші орынды 1:44,433 көрсеткішімен Оңтүстік Корея спортшысы Джан Сан Вон иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін Стелла Суханова да бірлік-байдаркамен 500 метрге жарыста үшінші орын алған болатын.

Наверх