Қанат Исламның келесі қарсыласы белгілі болды

17 Қыркүйек 2019, 15:59
1937
Бөлісу:
Қанат Исламның келесі қарсыласы белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазанның 26 күні Алматы қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешінде Қанат Исламның қарсыласы белгілі болды. Бұл туралы «Qazaq promotions» компаниясы instagramпарақшасына жазды.

Қанат Ислам (26-0, 21 KO) келесі жекпе-жекте Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) кездеседі.

"Кездесуде Қанат Исламға тиесілі бірінші орта салмақта WBO International чемпион атағы сарапқа салынады. Уолтер Каутондоква WBO нұсқасы бойынша ТОП-10 боксшының тізімінде 10-шы орында тұр. 2018 жылы Уолтер Каутондоква WBO-ның орта салмақтағы чемпионы Деметриус Андрадемен (26-0, 17КО) кездесті", - делінген хабарламада. 
қанат.jpg
Өзгелердің жаңалығы