Қанат Ислам WBO рейтингінде ең мықты боксшылардың бестігіне кірді

19 Қараша 2019, 16:23
4509
Бөлісу:
Қанат Ислам WBO рейтингінде ең мықты боксшылардың бестігіне кірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBO) барлық дивизиондағы жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлады Vesti.kz.

Рейтингте орта салмақта WBO International белбеуіне ие қазақстандық Қанат Ислам үш саты жоғарлап, бесінші орынға тұрақтады. Одан кейін өзге қазақ боксшы WBO Global титулы бар Жәнібек әлімханұлы тұр. Ол 13-тен алтыншы орынға көтерілді. 

Екінші орта салмақта өнер көрсететін Айдос Ербосынұлы (WBO Global титулына ие) сегізінші орыннан қозғалмады, ал бірінші орта салмақта WBO Inter-Continental белбеуі бар Жаңқош Тұраров тоғызыншы орында.
Өзгелердің жаңалығы