Анасын ажал құштырған ақмолалық ұсталды

1 Шілде 2021, 05:15
4030
Бөлісу:
Анасын ажал құштырған ақмолалық ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысы Атбасар ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне учаскелік полиция инспекторынан 40 жастағы жергілікті тұрғынның ұсталғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы маусымның 29-ында Атбасар аудандық ПБ кезекші бөліміне учаскелік полиция инспекторы хабарласып, 40 жастағы жергілікті тұрғынды ұстағанын айтқан. 

Анықталғандай, оқиға болған күні қаскүнем үйге мас күйінде келген, ал жанжал кезінде ол 65 жастағы анасын бірнеше рет жұдырықпен ұрып қалған. Соққыдан кейін анасы кенеттен көз жұмған. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша әйел бассүйек-ми жарақаты салдарынан көз жұмған, – деді ведомстводан. 

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Өзгелердің жаңалығы