Америкалық боксшы жекпе-жектен кейін комаға түсті

13 Қазан 2019, 16:50
1713
Бөлісу:
Америкалық боксшы жекпе-жектен кейін комаға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірінші орташа салмақтағы америкалық боксшы Патрик Дэй жекпе-жектен кейін комаға түсті. Ол бұндай күйге украиналық Александр Усиктің андеркартында нокаутқа түскеннен кейін ұшыраған, деп хабарлайды Daily Express.

Спортшының комаға түсуі алған жарақатына байланысты ма әлде дәрігерлер оны әдейі осындай күйге түсірді ме белгісіз. Кейбір мәлімет бойынша, Патрик Дэйдің миына ота жасалып жатыр.

Ол өз отандасы Чарльз Конуэллмен жекпе-жектің оныншы раундында нокаутқа түсіп, дәрігерлер боксшыны рингтен ес-түссіз күйде алып шыққан.

Чикагодағы бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде Усик мерзімінен бұрынғы жеңістен кейін алғаш рет аса ауыр салмақта өнер көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы