Бас жаңалықтар
Алматының Бостандық ауданында 125 аулаға күрделі жөндеу жасалып жатыр
22 Қыркүйек 2020, 14:33 114

Алматының Бостандық ауданында 125 аулаға күрделі жөндеу жасалып жатыр

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Серік Әділбаев онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, аталған ауданда 655 аула аймағы бар, оның 186 аймағы жарықтандырылмаған. Биыл 125 аула территориясына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде және ол жерде 2 мыңға жуық жарықдиотты шам орнатылған. 

Жұмыстың басым бағыттарының бірі шетсіз қала қағидаты бойынша іске асырылып жатыр. Яғни қалаға қосылған елді мекендермен жалпы Алматы облысымен шекаралас ықшамаудандардың коммуналдық шаруашылығын тиімді шешу. Оның ішінде газ, су, көшелерді жарықтандыру, көріктендіру сияқты жұмыстар кіреді. Мәселен, 2020 жылы аудан аумағына 23 нысан бойынша инженерлік күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр, - дейді ол. 

Сондай-ақ, ол Нұрлы Тау ықшамауданында тәулігіне 9 мың текше метр су өндіретін арнайы стансаның құрылысы жоспарланып, бүгінгі таңда жоба экспертизадан өткенін жеткізді. 

Оған қоса су және газ құбырларын салу көзделген. Қазіргі таңда Алматы қаласы Энергетика және инфрақұрылымдық даму басқармасы тарапынан сметалық құжаттар әзірлену үстінде. Ауданда 376 көше бар, оның 155 қазір жарықтандырылмаған. Көшені жарықтандыру келесі жылы толығымен аяқталмақ, - дейді Серік Әділбаев.

Сөз арасында ол пандемия кезінде аудандағы әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетілгенін айтты. Демеушілердің арқасында 8 422 адамға 13,5 млн теңгенің көмегі берілген.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...