Бас жаңалықтар
Алматыдағы үйлердің ауласы шағын Швейцарияға айналып келеді
20 Қыркүйек 2021, 15:58 273

Алматыдағы үйлердің ауласы шағын Швейцарияға айналып келеді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Кеше Алматыда Қала күнін атап өту барысында ең жасыл аула анықталды. Белсенді тұрғындардың күш-жігерінің арқасында аулалар жасыл әрі жайлы орынға айналуда. Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасының басшысы Әли Райымбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде көгалдандыру байқауының қалай өткенін баяндады.


«Аула аумағын көгалдандыру - 2021» байқауы Қала күніне орайластырылған. Оған қатысуға 324 өтініш келіп түскен, алайда комиссия мүшелері оның 84-не дауыс берген. Әр ауланы Қоғамдық кеңес мүшелерінен, ландшафтық сәулетшілерден, қоғамдық ұйым басшыларынан тұратын қатал және сауатты қазылар алқасы қараған. Байқауда 1-3 орын иегерлері электронды дауыс беру арқылы анықталған.

Экология – біздің жұмысымыздың негізгі бағыты. Ауланың көгалдандырылуы экологиялық қана емес, әлеуметтік сипатқа да ие. Қала тұрғындарының идеялары соншалықты әдемі және ерекше болып шықты, жеңімпаздарды таңдау оңай болған жоқ. Тұрғындар өз аулаңызды қалай жақсы және әдемі етуге болатынын жақсы үлгіде көрсетті. Байқауға ұсынылған әр аула шын мәнінде ерекше болды. Бүгінде тұрғындар қызықты композициялар жасайды, экологиялық таза материалдарды пайдаланады, олар аулада кішкентай Швейцария құрды деп айтуға болады, - дейді Ә. Райымбаев.

Байқау тамыз айының соңында жарияланды, өтінімдерді қабылдау 3 қыркүйекте басталған. Қоғамдық дауыс беру қорытындысы бойынша жүлде қоры 24 жеңімпаздың арасында ойнатылған. Гран-при: тауарлық–материалдарды, ауланы абаттандыруға арналған өсімдіктерді сатып алуға 5 миллион теңгеге сертификат; 8 ауданда 1 орын үшін - 1 миллион теңге; 8 ауданда 2 орын үшін - әрқайсысы 500 мың теңге; 8 ауданда 3 орын - бақша құралдары берілетін болды.

Комиссия мүшелерінің дауыс беруі кезінде Яна Чистилина жеңімпаз атанды, ол Түрксіб ауданындағы Монтажная көшесі, 15 мекенжайдағы ауланы ұсынған.

Сәулетшілер құрамындағы «TAL» архитектуралық бюросының жетекшісі Назерке Мундаханованы ауладағы әртүрлі гүдер мен өсімдіктер таңқалдырыпты. Оның айтуынаша, әр аулада жақсы күтілген ағаштар мен бұталар көп болған әрі тұрғындар олардың дизайнына үлкен шығармашылықпен қараған.

Біз жасыл желектің жалпы жағдайын ғана емес, сонымен қатар оларды түптеу және суару жұмыстарына да назар аудардық. Мысалы, аулалардың бірінде тұрғындар өздерінің суару жүйесін ойлап тауып, енгізген, - дейді Н. Мундаханова.




Фото: дереккөз
Загрузка...