Алматыдағы Достық және әл-Фараби даңғылдары қиылысындағы туннель жартылай жабылады

12 Маусым 2019, 17:20
2737
Бөлісу:
Алматыдағы Достық және әл-Фараби даңғылдары қиылысындағы туннель жартылай жабылады

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы Достық пен әл-Фараби даңғылының қиылысындағы туннель екі аптаға жартылай жабылады. Бұл туралы «Алматы жолдары» ЖШС-ның баспасөз қызметі хабарлады.

«Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты маусымның 14-26 аралығында Достық пен әл-Фараби даңғылы қиылысындағы жолайрықта көлік қозғалысы жартылай жабылады», - делінген хабарламада.

Аталған мекеме қала тұрғындары мен қонақтарына жол бағыттарын алдын ала ойласып алуға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы