Алматыдағы дүрбелең кезінде өрт сөндірушіге оқ тиді
8 Қаңтар, 17:26 1721

Алматыдағы дүрбелең кезінде өрт сөндірушіге оқ тиді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы дүрбелең кезінде өрт сөндіру қызметінің 18 техникасы зақымданып, бір адамға оқ тиген. 

Алматы қаласы ТЖД-ның баспасөз хатшысы Гүлдана Нұрымбетова қаладағы аласапыран кезінде өрт сөндірушілер қандай қиындыққа тап болғанын айтып берді. 

Қаңтардың 4-нен басталған тәртіпсіздік кезінде өрт сөндірушілер 70-тен астам оқиға орнына барды. Оның 50-і өрт оқиғасы болды. Алайда, тәртіп бұзушылар өрт сөндірушілердің жұмысына кедергі келтіріп, шабуыл жасады. Шабуыл кезінде бір өрт сөндірушінің қолына оқ тиді, тағы сегізі өз міндетін атқару барысында жарақат алды, - деді ол.

Сондай-ақ тәртіп бұзушалыр ТЖД-ның 18 көлігін зақымдаған. 

Шерушілер 7 өрт сөндіру көлігін тартып алып, оларды әкімдік ғимаратына шабуыл жасау мақсатында пайдаланған. Оның бесеуі толығымен өртеніп кетті, - деді ТЖД өкілі. 

Оның айтуынша, Алматы әкімдігі ғимаратының өртенгені туралы мәлімет қаңтардың 4 күні сағат 23:12 шамасында түскенін айтты. 

Бірінші күні әкімдік ғимаратында полиция қызметкерлері болғандықтан өрт жылдам сөндірілді.  Ол кезде өрт 50 шаршы метрге жайылған. Қаңтардың бесінен бастап 101 қызметіне қалада өрт көбейгені туралы қоңыраулар түсе бастады. Дегенмен шерушілер өрт сөндірушілерді ұрып-соғып, олардың жұмысына кедергі келтірді.  Яғни жұмысшылардың өміріне қауіп төндірді.  Өйткені шерушілер арасында өрт сөндірушілер суық су шашады деген сөз тараған, сондықтан оларды таспен атқылап, шабуыл жасаған, - дейді Нұрымбетова. 


Фото: дереккөз
Загрузка...