Бас жаңалықтар
Алматыдағы демалыс орнында атыс болды
02 Қараша 2020, 10:32 278

Алматыдағы демалыс орнында атыс болды

Алматы, BAQ.KZ. Байсерке ауылындағы демалыс орындарының бірінде атыс болды.

Желіде демаыс орнындағы атыс жайлы видео тарады. Видеодан кадр сыртында ер адам полицияға қоңырау шалып, Байсеркедегі демалыс орнында атыс болып жатқанын хабарлап жатыр. Екінші ер адамның жалжалдасып жатқан қарсыластарын сабырға шақырып, мұнда барлығы баламен жүргенін айтып жатқанын көруге болады.

Алматы облысы полиция департаменті аталған оқиғаның 31 қазан күні сағат 16.00 шамасында болғанын хабарлады.

Бұл оқиға алматы облысы Іле ауданы Байсерке ауылындағы демалыс орындардың бірінде болған. Полицияға сонда демалушылардың біріне белгісіз адамдар қарулы шабуыл жасап, өміріне қауіп төндіргені туралы ақпарат түсті. Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ күдіктілерді ұстау бойынша кешенді жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді Алматы облысы ПД-нің баспасөз қызметі.

Оқ тиіп жарақат алған екі адам Алматы қаласындағы №4 клиникалық ауруханасына жеткізілген. Екеуі де профильді бөлімшеге жатқызылған және медициналық көмек көрсетілуде. Жағдайлары орташа ауыр.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...