Бас жаңалықтар
Алматыдағы атыс: Қаза болған полицейлер табельдік қаруды неге қолданбады?
21 Қыркүйек 2021, 12:19 4439

Алматыдағы атыс: Қаза болған полицейлер табельдік қаруды неге қолданбады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов хабарлады. Оның айтуынша, атыстан қаза тапқан полиция қызметкерлерінің қолында кабельдік қару-жарақ болса да, оны қолданбаған.

Олардың бұл әрекеттерін ведомствоаралық комиссия анықтайтын болады. Учаскелік полицейлер қару-жарақты үйде болған азаматтар, соның ішінде балалардың қауіпсіздігі үшін қолданбауы мүмкін, - деп жорамалдады Қанат Таймерденов.
Сондай-ақ Полиция департаментінің басшысы қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза болған полиция қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтты.

Еске сала кетейік, 20 қыркүйек күні сағат 17:00 шамасында Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағын ауданындағы шағын үйлердің бірінде сот қаулысын орындау кезінде сол үйдің тұрғыны 1967 жылы туған азамат қарсылық танытып, сот орындаушылары, учаскелік полиция инспекторы, ТЖД қызметкерлеріне оқ жаудырған болатын. Салдарынан 5 адам қайтыс болды. Қайтыс болғандардың екеуі - полиция қызметкері, біреуі - сот орындаушысы, біреуі - үйдің жаңа иесі мен бір бейбіт азамат.

Бұған дейін қайтыс болған бесінші азамат туралы тың деректер шыққаны туралы жазған болатынбыз.


Фото: дереккөз
Загрузка...