Алматыда жас кітапханашылардың І слеті өтіп жатыр

26 Қыркүйек 2019, 11:46
4053
Бөлісу:
Алматыда жас кітапханашылардың І слеті өтіп жатыр
VIDEO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Кітапхана әлемі – жастар әлеуеті мен жүзеге асырылатын мүмкіндіктер мекені» атты ҚР арнайы кітапханалары жас кітапханашыларының I слеті өтіп жатыр.

Елімізде алғаш рет өтіп отырған бұл шараны Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханасы (әрі қарай, ЗНКААРК) ұйымдастырып отыр.
Жиын барысында аталған мекеніменің директоры Асхат Байұзақов алғысөз сөйлеп, биылғы Жастар жылында жас мамандарға ерекше назар аударып, олардың біліктілігін арттыру үшін түрлі шаралар ұйымдастырылып жатқанын айтып өтті.

слет1.jpg

«Жастар жылына орай осы слетті ұйымдастырып отырмыз. Шараның негізгі мақсаты – жас мамандарымыздың шығармашылық жетістіктерін айқындау және осы салада тың әдістерді енгізу. Ұжымда позитивті жұмыс тәртібін қалыптастыру. Сонымен қатар, тәжірибе алмасып, мамандардың біліктілігін артытру», - дейді ЗНКААРК директоры.

Аталған шараға Қазақстан Республикасы бойынша ЗНКААРК-қа қарасты 9 облыстық, 5 қалалық арнайы кітапханалары мен 2 арнайы бөлімдерінің өкілдері қатысып жатыр. Слетке келушілерге алдымен ҚР Ұлттық кітапханасының жұмысымен таныстырып, экскурсиялық жұмытсар жасалды.

слет2.jpg

Сондай-ақ, шара барысында Жас кітапханашылар мен арнайы кітапханалардың жоғары жетістіктері туралы айтылып, «Рухани Қазына – 2019» фестиваліне қатысушылар мен жүлдегерлерінің көпшілікке арналған баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар, арнайы кітапханалардың қызметі мен әлеуетін қоғамның барлық салаларында және әлеуметтік желілерде кеңінен насихаттау мақсатында шеберлік сағаттары өткізілді.

Ұлттық кітапхана директорының орынбасары Ажар Юсупова Слетке қатысушыларды құттықтап, олардың жұмысына сәттілік тіледі.

слет3.jpg

«Кітапхана ісі ескірген, өз беделін жоғалтқан, жұмысы көп, ақшасы аз мамандық ретінде қарастырылады. Алайда жастарымыздың осы іске қайта ден қойып, қызығушылық танытып отырғаны қуантарлық жайт. Сіздер жұмыс істеп жатқан кітапханада көп адам ұзақ уақыт тұрақтай алмайды, зағип адамдармен жұмыс істеу үшін ерекше шыдамдылық пен көркем мінез қажет. Сіздерге сәттілік тілеймін. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғашқы Жолдауында келесі жылдың басынан кітапханашылардың жалақысын көтеруге уәде берді. Қалай болғанда да бізге назар аударды, өйткені еліміз бойынша 20 мың кітапхана қызметкерлері бар. Біз қазір еліміздегі мәдени салада тегін қызмет көрсететін жалғыз мекеме болып отырмыз», - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы