Алматыда скандинавиялық жүрістен жарыс өтеді

23 Сәуір 2019, 17:39
2610
Бөлісу:
Алматыда скандинавиялық жүрістен жарыс өтеді
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2 маусым күні скандинавиялық жүріс бойынша Almaty Nordic Walking Fest 2019 фестивалі өтеді. 

Алматыда скандинавиялық жүрістен жарыс өтеді

Аталған шараны Қысқы олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елена Хрусталеваның Олимпиадалық қоры ұйымдастырады. 

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, елімізде спорттың бұл түріне деген қызығушылық артып келеді. 

Алматыда скандинавиялық жүрістен жарыс өтеді

“Скандинавиялық жүріс бұл өз денсаулығына немқұрайлық танытпайтын адамдарға арналған. Ол адамның хал-жағдайы мен көңіл-күйін жақсартады. Қолжетімді спорт түрі әрі өте тиімді. Сайысқа барлық жастағы белсенді адамдар қатыса алады”, - деді “Евразия” скандинавиялық жүріс мектебінің жетекшісі Максим Прощенко. 

Фестиваль маусымның 2 күні “Атакент” көрме орталығында өтеді. Сонымен қатар, бүгіннен бастап қатысушыларды тіркеу жұмыстары да басталып кетті. 

Алматыда скандинавиялық жүрістен жарыс өтеді

“Скандинавиялық жүріс рахатқа бөленіп, өзіңді жақсы қалыпта ұстауға мүмкіндік береді. Қатысушылар арасындағы сайыс кезең-кезеңімен өтеді. Яғни, кәсіби айналысатындар жеке, ал әуесқойлар бір бөлек қатысады”, - деді Елена Хрусталева.
 
Ұйымдастырушылардың айтуынша, сайысқа қатысатындар арнайы таяқшаларымен келуі керек. Егер таяқшасы болмаса сол жерден жалға ала алады.


Өзгелердің жаңалығы