Бас жаңалықтар
Алматыда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселесі бойынша семинар өтті
08 Қыркүйек 2021, 15:00 122

Алматыда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселесі бойынша семинар өтті

Алматы, BAQ.KZ. 7 қыркүйек күні Алматы қаласында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі қалалық комиссияның қатысуымен 372 көтерілістің зерттеу жұмысы аясында ақпарат пен тәжірибе алмасуға арналған өңірлік семинар өтті. Іс-шараны республикалық жобалық кеңсе мен Алматы қаласы әкімдігі бірлесе ұйымдастырды.

Семинардың басты мақсаты – саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үрдісімен байланысты тәжірибе, әдіс-тәсілдер алмасу, зерттеудің сындарлы бағыттарын анықтау және қуғын-сүргін құрбандары есімдерінің базасын одан әрі толықтыру мәселелерін талқылау.

Семинарды модератор – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі республикалық жобалық кеңсенің төрағасы Сабыр Қасымов ашып, мемлекеттік комиссия жұмысының қазіргі іс-әрекеттері мен басымдықтары туралы айтып берді.


Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров өз сөзінде Президенттің 2020 жылғы 24 қарашадағы Жарлығымен құрылған комиссия жұмысының қоғамдық маңыздылығын атап өтті. Комиссияның алдында саяси қуғын-сүргін кезеңіндегі оқиғаларға әділ баға беру, репрессия құрбандарын ақтау және қудалауға ұшыраған адамдардың есімдерін анықтау жөнінде нақты құқықтық база қалыптастыру міндеті тұр. Қалалық комиссия бүгінде Алматы қалалық Полиция департаментінің арнайы мұрағатында, Алматы қаласының орталық мемлекеттік мұрағатында, «Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты» ММ-де сақталған мұрағаттық құжаттар мен тергеу істерін зерделеуде. Қазақстан аумағында болған ірі көтерілістерге қатысушылар туралы толық ақпарат жинау бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Республикалық деңгейде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Мемлекеттік комиссия жұмыс тобының жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА құрметті академигі Талас Омарбеков айтып берді. Сондай-ақ, семинар жұмысына Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының өңірлік комиссияларының өкілдері қатысып, есепті кезеңдегі зерттеу жұмыстарымен бөлісті.
Семинар соңында қатысушылар зерттеу жұмыстарын жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар қабылдады.

ҚР Ұлттық кітапханасында «372 көтерілісті басу барысында сотсыз және тергеусіз атылған, сондай-ақ осы наразылықтарға қатысып, қолдағаны үшін соттан тыс және сот органдарымен қуғын-сүргіндерге ұшыраған құрбандары туралы ақпарат пен жұмыс тәжірибесімен алмасу туралы» атты дөңгелек үстел өтті. Онда Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Жамбыл, Қызылорда мен Түркістан облыстарының өңірлік комиссия мүшелері сөз сөйлеп, жұмыс нәтижелерімен бөлісті. 

Алматы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі қалалық комиссияның төрағасы Ержан Бабақұмаров Алматылық комиссия өз деңгейінде жұмыс атқарып жатқанын, мұндай бастамалар қоғамда қолдау тапқанын атап өтті.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...