Бас жаңалықтар
Алматыда қарулы адам зейнеткерге шабуыл жасады
14 Тамыз 2020, 09:36 257

Алматыда қарулы адам зейнеткерге шабуыл жасады

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда "материалдық қиындық көрдім" деген ер адам зейнеткерге шабуыл жасады. Бұл туралы Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Қылмыс кеше сағат 13:00 шамасында Алматының Алмалы ауданында орын алған. Тұрғын үй ғимаратының кіреберісінде 28 жастағы ер адам әйелге шабуыл жасап, сөмкесін алуға тырысқан. 

Жәбірленушінің айтуынша, сол сәтте ол банкоматтан ақша алып, үйіне қайтып келе жатқан.

Басында көрші екен деп ойладым, сөйтіп оны алдыға жіберуге тырыстым. Ол менің сөмкеме жармасып алды. Мен сөмкемді жібермедім. Ол пышақты алып, сөмкенің иық белбеуін кесе бастады, қолдарымды тіліп тастады. Мен кіреберісте айқайладым, біреу естиді деп ойладым. Бірақ ешкім көмектеспеді. Ол жүгіре жөнелді, екі жолаушы артынан қуды, – дейді шабуылдың мән-жайын түсіндірген әйел адам.

Абырой болғанда күдікті көп ұзамай ұсталды. 1992 жылы туған одан пышақ тәркіленді.

Бөгенбай батыр мен Айтиев көшелерінің қиылысындағы біздің күзет бекетімізде кезекшілік кезінде бізді жолаушылар тоқтатты және жоғарғы көшеде екі адамның бір адамды тонамақшы болып төбелесіп жатқандығын хабарлады. Біз дереу көрсетілген жерге жеттік, сол жерде істің нақты мәліметтерін білдік. Осы қылмысты жасады деген күдікпен 1992 жылы туған И. есімді азамат ұсталды. Одан пышақ тәркіленді. Әйелді таптық, оған жедел жәрдем шақырылды, – дейді Алматы қалалық ПД Патрульдік полиция полкінің инспекторы, "Буран-045" экипажының аға бастығы Самат Жұманов.

Зейнеткер өзін ренжіткен адамды таныды. Күдікті дереу қылмысын мойындады.

Маған ақша керек болды, материалдық қиындықтар. Оны Төле би көшесінде көріп, соңынан ердім. Өкінемін, – дейді И. есімді азамат. 

Алмалы ауданының Полиция басқармасында хабарлағандай, аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігінде көрсетілген қылмыс негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ПД-нің Уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Фото: дереккөз
Загрузка...