Бас жаңалықтар
Алматыда науқастар не себепті Halyk Arena кешеніне жатқызылғаны анықталды
31 Наурыз 2021, 11:59 962

Алматыда науқастар не себепті Halyk Arena кешеніне жатқызылғаны анықталды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық Басқармасы коронавируспен ауырғандарды неліктен спорт кешеніне жатқызу шешемін қабылдағанын айтты.

Алматыда өткен брифингте Қоғамдық денсаулық Басқармасының өкілі Светлана Сұлтанғазиева қазір Halyk Arena спорт кешеніне 18 науқастың жатқызылғанын айтты.

Бұған дейін Halyk Arena қосымша аурухана ретінде қаралды, жақында оны науқастар қабылдайтындай етіп жасақтадық. Halyk Arena мың төсек-орынға есептелген, яғни 1000 науқасты қабылдай алады. Кешеден бері науқастар спорт кешеніне жеткізіліп жатыр, бүгін таңдағы жағдай бойынша онда 18 науқас бар. Науқастардың бір бөлігі фтизиопульмонология орталығынан жеткізілсе, тағы бір бөлігі жедел жәрдем арқылы түскен, - дейді ол. 

Сондай-ақ ол жедел жәрдеммен жеткізілген науқастар негізінен орташа ауыр жағдайдағы, өкпесі 30-35%-ға дейін зақымданғандар екенін айтты. Оған қоса алдағы уақытта сырқаты жеңіл, бірақ егде жастағы науқастар да спорт кешеніне қабылданбақ. 

Бұған дейін Алматыдағы Halyk Arena спорт кешеніне науқастар жеткізіле бастағанын хабарлағанбыз.


Фото: дереккөз
Загрузка...