Алматыда "Мен жастарға сенемін!" республикалық жастар форумы өтіп жатыр

15 Қараша 2019, 10:39
3314
Бөлісу:
Алматыда "Мен жастарға сенемін!" республикалық жастар форумы өтіп жатыр
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті күніне арналған "Мен жастарға сенемін!" республикалық жастар форумы өтіп жатыр.

Форум бағдарламасына 2013 жылдан бастап дәстүрлі түрде "Қазақстанның инновациялық дамуына қосқан менің нақты үлесім" атты үздік студенттік инновациялық жобалар байқауы, "Мен өз елімнің өркендеуі үшін не істей аламын?" атты үздік эссе жазу, үздік поэтикалық шығарма және патриоттық тақырыптағы әндер байқауы кірген.
Жыл сайын ұйымдастыру комитетіне түскен жобалар мен шығармашылық жұмыстар санының артуы - байқаудың танымалдылығы мен қажеттілігінің дәлелі. Форум ел көлемінде жастардың патриоттық сезімін, азаматтық жауапкершілігін және зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналды, - дейді ұйымдастырушылар.
сен1.jpg

Жастар жылы - жастар бастамаларын ынталандыруға және қолдауға жаңаша серпін берген. Форум қоржынына парасаттылық қағидаттарын студенттік ортада ілгерілету бойынша жобалар, сондай-ақ жұмыс істейтін жастар өкілдерінің идеялары қосылған.

Биыл ұйымдастыру алқасына байқауға қатысу үшін еліміздің барлық аймағындағы 100-ден астам жоғары оқу орнынан 1,5 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Оның ішінде жеке жобалар мен шығармалар, сонымен қатар, ұжымдық шығармашылық жұмыстар да бар.

сен2.jpg

Форумның салтанатты марапаттау рәсіміне вице-премьер Бердібек Сапарбаев, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Д.Ә. Абаев, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары О.А. Бектенов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ж. Бабақұмаров, ҚазҰУ ректоры академик Ғ.М. Мұтанов қатысып отыр.

Ауқымды шараны ҚР БжҒМ, АжҚДМ, "Жандану әлемі" қоры, "Жас Отан" жастар қанаты, Қазақстан Жазушылар Одағы, "Қазақ радиосының" қолдауымен ҚазҰУ және Алматы қаласы әкімдігі ұйымдастырып отыр.
Өзгелердің жаңалығы