Алматыда люктың қақпағы автобусты тесіп өтіп, жолаушыны жарақаттады

2 Мамыр 2019, 16:11
1750
Бөлісу:
Алматыда люктың қақпағы автобусты тесіп өтіп, жолаушыны жарақаттады

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда дұрыс жабылмаған люктың қақпағы жол қозғалысы оқиғасына себеп болып, нәтижесінде автобус жолаушысының аяғы сынды. Бұл туралы "СТВ" телеарнасының "Территория происшествий" бағдарламасы мәлім етті.

Оқыс оқиға бүгін таңертең сағат 10 шамасында Шығыс айналма автожол маңындағы Халиуллина көшесі бойында орын алған. 

№65 бағыттағы қалалық автобус жүргізушісінің айтуынша, ол шығыс айналма автожолынан өтіп, Халиуллина көшесіне өткен. Жол бойындағы люкты басып өткенде қатты соққы болған және автобус салонынан айқайлаған әйелдің дауысы шыққан. Тоқтаған бетте ол шойынды люк қақпағының автобус еденін жарып өткенін және сол жерде отырған әйелдің аяғын жарақаттағанын байқаған.

Алматыда люктың қақпағы автобусты тесіп өтіп, жолаушыны жарақаттады

Жәбірленуші әйел аяғының қатты ауырғанын айтып, жедел жәрдемді шақыруды өтінген. Оқиға орнына келген дәрігерлер әйелді тексеріп, оның аяғы сынғанын мәлімдеген.

Қазіргі уақытта полиция уақиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Ал коммуналдық қызмет өкілдері жол бойындағы қираған люкты қалпына келтіріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы