Алматыда құрылыс жүргізудің жаңа ережесіне қандай міндеттемелер енгізілгені айтылды

22 Шілде 2021, 16:49
2118
Бөлісу:
Алматыда құрылыс жүргізудің жаңа ережесіне қандай міндеттемелер енгізілгені айтылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында бір ай бұрын қабылданған құрылыс салудың жаңа ережелері туралы айтты. 

Ол жаңартылған талаптардың артықшылығы мен мегаполистің дамуына қалай әсер ететінін түсіндірді.

Алмасхан Ахмеджанов жаңа ережелерді қабылдамас бұрын «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы», «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңдарға өзгерістер енгізілгенін айтты.

Қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидалары қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша дайындалды. Биыл 17 ақпанда аталған құжаттың жобасы Алматының бас жоспарын түзету жобасы бойынша жұмыс тобының талқылауына ұсынылды. Жоба 25 наурызда НҚА порталында жарияланды. Талқылау барысында қала құрылысы қызметінің барлық қатысушыларының пікірі ескерілді. Бұл ретте мегаполистің құрылысы бойынша базалық талаптар сақталды. Алматы тұрғындарын алаңдатып отырған барлық жағдай ескерілді. Сонымен қатар құрылыс компанияларының заңды мүдделері бар, олар қарастырылуы тиі, –деді Ахмеджанов.
Құрылыс салудың жаңа ережелерін қабылдағаннан кейін құрылыс салушылар жобалау алдындағы құжаттаманы алғанға дейін құрылыс жобаларына қоғамдық талқылау жүргізуге міндетті.

Эскиздік жобаны әзірлеу кезінде құрылыс салушы:

1) ерекше құрылыстық реттеу аймақтарында регламентті сақтау (мысалы, орталықта);
2) қабат санын қадағалау;
3) әлеуметтік инфрақұрылымның болуын есепке алу (медициналық мекемелер, балабақша мен мектептер, полиция пункттері);
4) халық тығыздығын есепке алу.
Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы жаңа ережелер бойынша халықтың тығыздығы аспауы тиіс екенін айтты:
- Тарихи орталықта гектарына 300 адам,
- 440 қалған аумақтарда.

Аула аймағын дамыту үшін бір адамға 10 шаршы метр аула нормасы енгізілгені маңызды, оның төрттен бір бөлігі жасыл желектерге бөлінеді. Неліктен қандай да бір нысан Ережеге сәйкес келмейді деген сұрақтарға келетін болсақ, Ережелердің барлық талаптары тек жаңа құрылысқа ғана қолданылатынын еске саламын, өйткені заңның кері күші жоқ, – деді қаланың бас сәулетшісі.

Мемлекет басшысының мегаполисті дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес ережелерде Алматының қайталанбас сәулеттік келбетін сақтауға және әрбір қала тұрғынына жасыл желектердің санына ерекше орын берілген.


Өзгелердің жаңалығы