Алматыда халықаралық музыка фестивалі өтеді

11 Маусым 2019, 15:34
3253
Бөлісу:
Алматыда халықаралық музыка фестивалі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Star of Asia Almaty.kz 2019 фестивалінің үшінші маусымы 15 - 16 маусымда Алматыдағы «Медеу» мұз айдынында өтеді, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан баспасөз орталығынан.   

Star of Asia музыкалық фестивалі – жыл сайын өтетін халықаралық оқиға. Бір сахнада Оңтүстік Корея, АҚШ, Грузия, ҚХР, Жапония, Әзірбайжан, Үндістан, Түркия, Өзбекстан және басқа да танымал әртістер ән шырқайтын болады. 

Фестивальдің бірінші күнінің хедлайнері – Ninety One тобы. 15 маусымда қала тұрғындары үшін Тайланд әртісі Golf Pitchaya және Outlandish тобы өнер көрсетеді.   

Фестивальдің екінші күні МОТ, Dan Balan, НАZИМА сияқты орындаушылардың өнер көрсетуімен есте қалады. Фестивальдің 2-ші күнінің хедлайнері –Оңтүстік Кореядан келген танымал K-POP Pentagon тобы.   

Фестиваль күндері көрермендерді қаладан Медеуге және кері бағытта арнайы автобустар тасымалдайтын болады. Автобус билетінің құны - 150 теңге.   

 Фестивальге автобус арқылы жету үшін қала тұрғындары мен қонақтар келесі жерлерде жинала алады: 

  1) Байтұрсынов көшесінің бойы: Сәтбаев көшесі мен Абай даңғылы арасындағы тұрақ алаңы;
  2) Құрманғазы көшесі мен Достық даңғылы (автобустың соңғы аялдамасы). 

15-16 маусым аралығында автобустар 16:00-ден түнгі 00.00-ге дейін жүретін болады. 

Халықаралық музыка фестивалі екі күн бойы 118 елде трансляциаланады. 

Сондай-ақ, Алматы қаласында арнайы акция жүргізіліп жатыр. Star of Asia 2019 музыкалық байқауына барғысы келген азаматтар қоқысты фестиваль билеттеріне айырбастай алады.  

Осы акция арқылы фестивальді ұйымдастырушылар «Тұтыну мен өндірістің ұтымды моделіне көшуді қамтамасыз ету» атты БҰҰ-ның №12 тұрақты даму саласындағы мақсаттарын қолдау білдірді. 

Айта кетейік, 2017 және 2018 жылдардағы бағдарламаларға ARASH, K-POP тобы, Оңтүстік Кореядан ASTRO тобы, американдық әнші Anastacia, Serebro, Севара, Ерке Есмахан, Қайрат Нұртас, Ziruza, MadMen, ULYTAU және т.б. әншілер қатысқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы