Алматыда керлингтен әлем кубогы өтеді

22 Қыркүйек 2021, 22:18
17138
Бөлісу:
Алматыда керлингтен әлем кубогы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23-26 қыркүйек аралығында Алматыдағы «Алматы-Арена» мұз сарайында керлингтен Әлем Кубогы (20-th Nazarbayev Curling Cup WCT Mixed Doubles 2021) өтеді.

Әлем Кубогы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің, Ұлттық Олимпиада комитетінің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі. Ал жаһандық бәсекенің ұйымдастыру жұмысына Қазақстан керлинг, едендегі керлинг, петанк федерациясы Халықаралық керлинг федерациясымен бірлесіп жауап береді.

Айта кетейік, керлингтен мұндай жоғары деңгейлі жарыс елімізде 20 жылдан кейін енді өткелі тұр. Әлем Кубогы халықаралық жарыстар күнтізбесіне енгізілгендіктен ведмстоаралық комиссия жарысты ұйымдастыруға рұқсат берген.

Енді үш бойы әлемнің үздік 12 командасы «Алматы-Арена» кешенінде кім мықтыны анықтайды. Сонымен қатар Халықаралық керлинг федерациясының басшылығы мен делегация өкілдері келеді.

Әлем Кубогының ресми ашылу рәсімі 23 қыркүйек, сағат 11:00-де «Алматы-Аренада» өтеді. Ал ойындар сағат 9:00-ден басталады. БАҚ өкілдері алдын ала тіркеусіз, еркін кіре алады. Жарыс кезінде барлық карантин және санитария талабы сақталады.

Өзгелердің жаңалығы