Алматыда ІІ Бүкіләлемдік этноспорт форумы басталды

20 Сәуір 2019, 10:27
2871
Бөлісу:
Алматыда ІІ Бүкіләлемдік этноспорт форумы басталды
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласында Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының ІІ Халықаралық форумы басталды.

Алматыда ІІ Бүкіләлемдік этноспорт форумы басталды

«Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы ұйымдастырған бұл ІІ Халықаралық форумның мақсаттарының бірі – әлем халықтарының дәстүрлі спорт түрлері мен ойындарын дамыту. Осы дәстүрлі спорттар мен ойындарға көбірек көңіл бөлу арқылы дүниежүзіндегі әр халықтың тарихи жадын, ұлттық ерекшелігін сақтауға мүмкіндігі бар екендігін жер жаһанға мәшһүр ету» - дейді ұйымдастырушылар.

Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының ІІ Халықаралық форумына әлемнің 40-қа жуық мемлекетінен 150-ден астам қатысушы келді.

Олардың қатарында әлемнің түкпір-түкпірінен келген спорт министрлері, этноспорттың майталман мамандары, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушылар мен төрешілер, қоғам қайраткерлері бар.

Нақтырақ айтар болсақ, Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының президенті Неджметтин Билал Ердоған, Түркияның Жастар және спорт жөніндегі министрі Мехмед Мухаррем Касапоглу, Түркия Сыртқы істер министрінің орынбасары Явуз Селим Кыран, ЮНЕСКО-ның Франциядағы штаб-пәтерінің Жастар және спорт комитетінің басшысы Ангело Мело, Аргентина дәстүрлі спорт федерациясының бас хатшысы Баутисто Риссо, Мексиканың дәстүрлі спорт және ойындар федерациясының президенті Анна Клаудия Гарсия, Германия этноспорт федерациясының өкілі Керри Макдональд қатарлы қонақтар Алматыдағы ІІ Халықаралық форумаға келді.

Сонымен қатар, форумға ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының құрметті президенті Қайрат Сатыбалды, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті, Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан, Түркі тілді мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің төрағасы Бағдат Амреев, Астана мемлекеттік қызмет хабының төрағасы Әлихан Байменов секілді лауазымды тұлғалар қатысып жатыр.

Алматыда ІІ Бүкіләлемдік этноспорт форумы басталды

Алматыда ІІ Бүкіләлемдік этноспорт форумы басталды

Сонымен қатар, Орта Азия елдерінің этноспорт өкілдері де осы форумнан орын алды.

Форум екі күнге жалғасады. Мұнда 2021 жылы елімізде өтетін Бүкіләлемдік этноспорт фестивалінің барысы, 2020 жылы Түркияда өтетін Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының ұйымдастырылуы, сонымен қатар ұлттық ойындардың халықаралық ережелері талқыланатын болады.

Өзгелердің жаңалығы