Алматыда Esentai Mall сауда үйі қоршауға алынды

10 Қаңтар 2020, 18:39
8920
Бөлісу:
Алматыда Esentai Mall сауда үйі қоршауға алынды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы полиция департаменті аталған сауда үйдің неліктен қоршауға алынғанын түсіндірді.

 Департамент таратқан мәліметке сүйенсек, құқық қорғау органдарына Алматыдағы фаст-фудтардың бірінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарланған.

Мұндай фаст-фудтың бірі Esentai Mall сауда үйінде орналасқан. Қазір бұл мәлімет бойынша тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Адамдар қауіпсіз жерге көшірілді, барлық жедел әрекет ету қызметтері бұл іс бойынша жұмыс істеп жатыр,-делінген хабарламада.

Кейінен Esentai Mall сауда үйінде жарылғыш зат табылмағаны айтылды. Енді қаладағы басқа тамақтану орындары тексеріліп жатыр.
Өзгелердің жаңалығы