Бас жаңалықтар
Алматыда екі бала 9-қабаттан құлап, көз жұмды
03 Қыркүйек 2021, 17:09 2493

Алматыда екі бала 9-қабаттан құлап, көз жұмды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі оқыс жағдайда қаза тапқан балалардың ата-анасына көңіл айтты.

Наурызбай ауданында 3 пен 5 жастағы балалардың қазасына байланысты ата-аналарына көңіл айтамын. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл жазатайым болған оқиға. ЖП-ға мән-жайды анықтап, объективті тергеу жүргізу тапсырылды. Жағдайды жеке бақылауыма алдым, - деп жазды Бақытжан Сағынтаев Twitter-дегі парақшасында.

Аталған жағдай бойынша Полиция департаментіне жағдайды егжей-тегжейлі анықтап, тергеу амалдарын жүргізу тапсырылды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...