Алматыда Денис Тен туралы деректі фильм көрсетіледі

13 Ақпан 2019, 12:25
1904
Бөлісу:
Алматыда Денис Тен туралы деректі фильм көрсетіледі

Алматы, BAQ.KZ. Алматы кинотеатрларында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің мұзайдынындағы шоуы туралы деректі фильм көрсетіледі. Бұл жайында спортшының Instagram-дағы парақшасында жазылды.

"3 наурыздан бастап Бекмамбетов Синемадан Денис Теннің мұзайдынындағы шоуы жайлы деректі фильмді көріңіздер", - делінген әлеуметтік желідегі парақшада.

Денис Теннің соңғы мұзайдынындағы шоуы 2018 жылдың 9 маусымында "Барыс Арена" сарайында өткен. "Денис және достар" деген атпен шыққан бұл шара спортшының төртінші шоуы болған еді. Бұл шара Астана қаласының жиырмажылдық мерейтойына арналған. Оған мәнерлеп сырғанау бойынша әлемнің 17 жұлдызы мен Ресей, Франция, АҚШ, Канада, Қытай, сондай-ақ Жапонияның чемпиондары және жүлдегерлері қатысқан болатын.

Денис Тен авторлық бағдарламасын канадалық қоюшы-режиссер Шей-Линн Бурнмен бірге жасаған және оны Астананың эстрадалық-симфониялық оркестрі сүйемелдеген еді.



Өзгелердің жаңалығы