Бас жаңалықтар
Алматыда басқарма басшысының ұсталғандығы туралы ақпарат жалған
VIDEO
18 Қаңтар 2021, 15:22 179

Алматыда басқарма басшысының ұсталғандығы туралы ақпарат жалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлеуметтік желілерде және БАҚ беттерінде Алматының Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевтің ұсталғандығы туралы таралған ақпаратқа Алматы қаласы әкімдігі ресми жауап берді.

Алматы қаласы Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашевтің ұсталғаны туралы әлеуметтік желілер мен сайттарда жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды. Сапар Нұрашев жұмыс орнында. Жүргізілген тергеуге дейінгі тексеруге қатысты қала әкімдігі барлық сұратылған ақпаратты және қажетті түсініктемелерді ұсынуға дайын, - делінген қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ әкімдік басқарма басшының жұмыс орнында екенін растайтын видео да жолдады.

Видеода Сапар Нұрашев бүгін өз жұмыс орнында екенін және әкімнің қатысуымен аппарат жиналысында болғанын айтты.


Көріп тұрғандарыңыздай, мен жұмыстамын. Әкімнің қатысуымен болған аппарат жиналысында болдық. Бірқатар тапсырма берілді. Ешқандай кедергісіз жұмыс істеп жатырмыз, - деді ол.

Сондай-ақ басқарма басшысы видеода өзін ешқайда шақырмағанын, ондай ақпарат болмағанын жеткізді.


Фото: дереккөз
Загрузка...