Алматыда 2,5 мың отбасы АӘК алды

25 Ақпан 2020, 16:03
2432
Бөлісу:
Алматыда 2,5 мың отбасы АӘК алды
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда жыл басынан бері АӘК бойынша 10500 отбасыға консультациялық қызмет көрсетілді. 

Бұл туралы Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Данияр Әлкебайұлы брифинг барысында айтты. 

Жиын барысында ол қала тұрғындарынан 4256 құжат қабылданғанын, оның 2,5 мыңына АӘК төленгенін жеткізді. Тағы 313 құжат комиссияның қарауында көрінеді.

WhatsApp Image 2020-02-25 at 16.08.13.jpeg

Қаладағы барлық әлеуметтік орындарда құжат қабылдау жүріп жатыр. Яғни, Жұмыспен қамту және “Бақытты отбасы"  орталықтарында құжат қабылдануда, - деді ол. 
Сонымен қатар, ол жұмыссыз жүрген отбасы мүшелеріне жұмыс ұсынылатынын, егер олар жұмыстан бас тартса АӘК тағайындалмайтынын жеткізді. 
Атаулы әлеуметтік көмек әр отбасыға жеке есептеледі. Қала бойынша кедейлік шегі 26300 теңге шамасында, отбасының табысын адам басына шаққанда осы сомадан аспаса, ол отбасы АӘК құжат тапсыра алады. Соңғы өзгерістерге сәйкес енді отбасында бірге тұрып жатқан адамдардың да табысы есепке алынады, - деді ол. 
Данияр Әлкебайұлы сөз арасында балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет бар екенін де айтып өтті. 
Мұндай көмектің қатарында тағамдар мен гигиеналық заттар бар, олар әр тоқсан сайын бір рет беріледі. Мектеп жасындағы балалар ыстық тамақпен қамтылады, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы