Алматыда жауған қардың қалыңдығы 40 сантиметрге жетті

15 Қараша 2021, 12:05
954
Бөлісу:
Алматыда жауған қардың қалыңдығы 40 сантиметрге жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасы хабарлады. Қар 15 қараша күні сағат 01.00-ден бастап мегаполистің таулы аудандарында жауа бастаған.

15 қараша күні сағат 09.00-дегі жағдай бойынша қаланың тау бөктерінде 5-8 см, тауларда 40 см-ге дейін қар түскен. Жауыннан кейін сағат 07.00-ден жаңбыр аралас қар жауды.

Көктайғақтың алдын алу мақсатында қар түскен сәттен бастап қаланың жоғарғы бөлігінде жолдарға, жол қиылыстарына көктайғаққа қарсы материалдар себіліп, қар тазалау жұмыстары басталды. Аудан мен қала әкімдіктерінде қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Тротуар, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, «қалталарды» және басқа да жалпы пайдалану орындарын тазалауға ерекше көңіл бөлінді. Түскен жапырақтарды жаппай жинау ұйымдастырылды.

Түнгі уақытта 498 бірлік техника жұмылдырылса, оның ішінде 178 құм шашқыш пен 280 жол жұмысшысы бар.

Сағат 09.00-дегі жағдай бойынша 920 тонна тайғаққа қарсы материал пайдаланылды.

15 қараша күні таңертең 545 бірлік техника, оның ішінде 197 құм шашқыш пен 1494 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Қазгидрометтің болжамы бойынша бүгін түскен кейін жауын-шашын жаумайды.

Өзгелердің жаңалығы