Бас жаңалықтар
Алматыда 100-ден астам бала коронавирустан емделіп жатыр
21 Қыркүйек 2021, 11:05 388

Алматыда 100-ден астам бала коронавирустан емделіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда 100-ден астам бала коронавирус инфекциясымен ем қабылдап жатыр. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, жалпы саны 2 431 адам індетпен күресуде.

20 қыркүйек күнгі жағдай бойынша СOVID-19 инфекциясының 415 жаңа дерегі тіркелген. Оның ішінде 387-і симптомдық белгілері бар және 28-і симптомсыз көрінеді.

Қатерлі індеттен барлығы 481 адам емделіп шыққан, 189 адам ауруханаға түскен.

Инфекциялық стационарларда 5 230 төсек-орын бар. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіндегі төсек-орын саны 241-ге тең.

ӨЖЖ – 48, инвазивті емес ӨЖЖ – 115, High flow-да 76 аппарат жұмыс істейді, - деп атап өтті қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Айта кететін жайт, бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлері науқастарды бақылауда ұстап отыр.

Олардың қарамағында 5 353 науқас жіті қадағалауда. Олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 5 103, симптомсыз 139 науқас бар.


Фото: дереккөз
Загрузка...