Бас жаңалықтар
Алматы облысында оқу жылы басталғалы 320 оқушыдан COVID-19 анықталған
17 Қаңтар 2021, 00:23 199

Алматы облысында оқу жылы басталғалы 320 оқушыдан COVID-19 анықталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында оқу жылының басынан бері мектеп оқушылары арасында COVID-19-дың зертханалық расталған 320 жағдай тіркелген, оның ішінде 20 бала кезекші сыныптарда, 300 – қашықтан оқыған.

Алматы облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бақылауында 400 мыңнан астам бала білім алатын 765 жалпы білім беретін мектеп бар. Санитариялық ережелердің талаптарын сақтау үшін облыс мектептері антисептиктермен, бактерицидті және кварцты шамдармен, еден төсеніштерімен қамтамасыз етілген, жуу және дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қоры қамтылған.

Медицина қызметкерлері тарапынан барлық білім беру мекемелерінің қызметкерлері мен білім алушылардың күнделікті таңертеңгілік сүзгісін (термометрия, ғимаратқа кіре берісте қолды антисептикпен өңдеу, аяқ киімнің табанын өңдеу) жүргізеді.

Оқу жылының басынан бері облыс мектептеріне 296 тексеру жүргізілген, оның ішінде ерекше тәртіп бойынша 50 мектеп тексерілген. Бұзушылықтар 22 білім беру мекемесінде анықталып, 1 833 470 теңге айыппұл салынған. Бұзушылықтарды жою туралы 22 ұйғарым берілді.

Талдықорған қаласындағы мектептер мен гимназияларда қашықтан оқыту 2020 жылдың 21 қаңтарына дейін ұзартылған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...