Алматы облысында коронавирустан жазылып шыққан алғашқы науқас жайлы мәлімет

10 Сәуір 2020, 14:05
1179
Бөлісу:
Алматы облысында коронавирустан жазылып шыққан алғашқы науқас жайлы мәлімет

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы облысында коронавирус диагнозымен тіркелген алғашқы емделуші ауруханадан шықты. 

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі тартқан мәліметке сүйенсек, 20 наурыз күні коронавирус диагнозымен түскен азамат Қаскелең қалалық инфекциялық аурханасында толық ем алып, бүгін үйіне шығарылған. 
Қарасай ауданы, Қырғауылды ауылының тұрғыны 1985 жылы туған азамат 17 наурыз күні Меккеден Түркия мен Қырғызстан елдері арқылы Алматыға келген. Емделушіге 8 сәуір күні жасалынған қайта талдау нәтижесі теріс екенін көрсетті. Пациентпен қарым-қатынас жасаған 2 азамат пен олардың отбасы шұғыл оқшауланып, дәрігерлер бақылауына алынған. Талдау қорытындысы теріс,-делінген хабарламада. 

10 сәуір 2020 жағдай бойынша Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасында коронавирус диагнозы анықталған 7 адам ем қабылдап жатыр. Денсаулықтары қанағаттанарлық. Дене қызуы бірқалыпты. Шағымдары жоқ.
Өзгелердің жаңалығы