Бас жаңалықтар
Алматы облысында ауыл әкімі сайлауына 238 үміткер тіркелді
22 Шілде 2021, 10:50 93

Алматы облысында ауыл әкімі сайлауына 238 үміткер тіркелді

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында халық әкімі атану үшін 238 үміткер күреседі. Олардың арасында мемлекеттік қызметшілер, өзін-өзі ұсынушылар, ғалымдар бар. Бұл туралы Жетісу медиа хабарлады.

Барлық үміткер сумен жабдықтау, жолдарды күтіп ұстау, абаттандыру және тағы басқа ауылдағы өмірлік маңызды мәселелерді шешетініне уәде береді.

Алматы облысында ауыл әкімі лауазымына ең жас үміткер 25 жаста, ең үлкені - 62 -де. Орташа жас шамасы - 41,3 жас. Өңірде 2021 жылдың 25 шілдеде 71 ауылдық округ әкімі сайланатын болады. Бұл ретте 60 әкім өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, 11 (15,5%) - өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға байланысты сайланады, - делінген хабарламада.

Орташа бәсекелестік - 3,9 адам. Барлық округ 3 және одан да көп кандидат. Кандидаттардың ең көп саны Іле ауданы Чапаев а/о болды (9 кандидат). 4 үміткер түрлі себеппен шығарылған.

Кандидаттарды NurOtan партиясы - 57 адам, «Ауыл» ХДПП-5 кандидат, «Ақ Жол» ҚДП - 1 кандидат, АDAL КП - 11 кандидат, НПК - 8 кандидат, ЖСДП - 2 кандидат ұсынды. 154 үміткер өзін-өзі ұсынған.

Қажетті құжаттарды ұсынбауына байланысты 7 кандидатты тіркеуден бас тартылды, - делінген хабарламада.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...