Бас жаңалықтар
Алматы облысында 4 мыңға жуық оқушы қашықтан оқып жатыр
14 Қазан 2021, 18:15 336

Алматы облысында 4 мыңға жуық оқушы қашықтан оқып жатыр

Алматы, BAQ.KZ. 1 қыркүйек пен 14 қазан аралығында Алматы облысында оқушылар арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 1369 жағдайы тіркелді. Бүгінгі таңда облыста 216 сыныптың 3996 оқушысы қашықтан оқыту нысанына ауыстырылған.

Айта кетейік, аймақта соңғы тәулікте коронавирустық инфекцияның 142 жаңа жағдайы анықталды. Оның ішінде 24-і 14 жасқа дейінгі бала, 23-і оқушыларда кездескені белгілі болды. 

Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,4%-дан 0,3%-ға дейін төмендеді. Өткен аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл - 0,5%, Балқаш - 0,5%, Қаратал - 0,5%, Райымбек - 0,4% Сарқан - 0,7% аудандарында байқалады.

Айта кетсек, облыста осы уақытқа дейін КВИ зертханалық расталған 53 277 жағдай тіркелген.

Сондай-ақ өңірде індетке қарсы вакцина салу жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінгі ресми мәлімет бойынша 778 506 (65%) адам вакцинаның бірінші компонентін, екінші бөлігін 697 557 (58%) тұрғын салдырған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...