Алматы облысында 2023 жылға дейін 138 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріледі

17 Шілде 2019, 14:53
1659
Бөлісу:
Алматы облысында 2023 жылға дейін 138 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау мәселесі талқыланған аймақ активі жиынында белгілі болды.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы жерлеріне аудит жүргізу, жер кадастрі жүйесін цифрландыру туралы тапсырма берген еді.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, аталған мақсатта облыста түгендеу жұмыстары 2015 жылдан басталып, барлығы 496 мың гектар пайдаланылмай жатқан жерлер анықталды. Соның 363 мың гектары пайдалануға беріліп, 120,6 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды. Цифрландыру ісі қолға алынып, оған 500 млн теңге бөлініп отыр.

«Өңірде жасалып жатқан ауыл шаруашылығы жерлеріне аудит жүргізу және цифрландыру ісін сапалы және өз уақытында аяқтауымыз керек. Сол сияқты су ресурстарына, сумен қамту инфрақұрылымдарына, ирригациялық жүйелерге түгендеу жасау оларды жөндеуге, қайта жаңғыртуға, құрылысын жүргізуге, суармалы жерлерді айналымға енгізуге нақты жоспарлар жасап, іске кірісуге мүмкіндік береді. Бізде бұл жұмыстар жүріп жатыр, құжаттандыруды аяқтадық. Қазіргі кезде Ескелді, Алакөл, Ақсу, Көксу аудандарында Ислам Даму Банкінің қаржысы есебінен қалпына келтіру жұмыстары жасалуда. 2023 жылға дейін 138 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз, соның 40 мыңы биылғы жылдың үлесінде болуы тиіс. Жер – өндірістің ең басты факторы. Бұл мәселеде тиімді жұмыс істемей ауылды дамыта алмаймыз», - деді А. Баталов.



Өзгелердің жаңалығы