Алматы облысында індетпен күрес қалай жүргізілуде?

8 Шілде 2020, 12:57
1460
Бөлісу:
Алматы облысында індетпен күрес қалай жүргізілуде?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов өңірде коронавирус індетімен күрес қалай болып жатқанын айтты.

Соңғы апта инфекцияның өсу қарқыны 4 пайызды құрады. Облыста эпидемияға қарсы залалсыздандыру шаралары жалғасып жатыр. Бүгінгі күнге облыс бойынша коронавируспен ауырғандар саны  - 2749, оның ішінде 1290 адам жазылып шықты. Соңғы тәулікте 8 адамнан індет белгілері анықталып, стационарға жатқызылды. Жалпы, медицина қызметкерлерінің бақылауында 5581 адам бар. Оның ішінде стационарлық емханада 2583 адам емделуде. Дәрігердің симптомсыз бақылауында 895 адам болса, үй карантинінде 2103 адам бар. Инфекциялық бөлімнің реанимациясында ауыр және өте ауыр жағдайда 41 науқас жатыр. Оның арасында 15 науқасқа өкпені жасанды жолмен желдету аппараты қойылған, - дейді Батыржан Байжұманов.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда облыста пневомания бойынша стационарда 2517 науқас емделіп жатыр. 

Бұл - былтырғы жылмен салыстырғанда 2,5 есеге жоғары. Оның ішінде 86 науқастың жағдайы ауыр. Өткен жылы пневмониямен 98 адам қайтыс болса, биыл 190 адам осы дерттен көз жұмды. Облыста соңғы аптада провизорлық бөлімнен 618 адам емделіп шықты. Жалпы алғанда күнделікті 150 адам жазылып шықса, 200-ге жуық адам емханаға түседі. Ауру асқынған науқастар саны өсуіне байланысты инфекционалық стационарда соңғы 2 аптада төсек саны 3 есеге, яғни 17 мекемеде 150-ге дейін арттырылды. Пневмониямен ауыратын науқастарды емдеу үшін 31 стационарда төсек саны 1000-нан 3000-ға дейін көбейтілді. Мәселен, Талдықорған қаласында 300 төсек инфекциялық стационар облыстық аурухана базасына көшірілді, - дейді облыс әкімінің орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы