Алматы облысы мен Шымкентте карантиндік шектеулер ұзартылды

20 Қараша 2020, 14:57
17888
Бөлісу:
Алматы облысы мен Шымкентте карантиндік шектеулер ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл өңірлерде карантин шаралары тағы ұзартылды, алайда коронавирустың таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес карантин шараларының мерзімі де өзгертілуі мүмкін.

Алматы облысында карантинді жалғастыруды және кейбір шектеу шарасын енгізуді қаулы етемін. Карантин режимі мен мерзімдері COVID-19 таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін, - делінген Алматы облысының бас санитар дәрігерінің қаулысында.

Жаңа қаулыға сәйкес, қоғамдық көліктің жұмысы 23.00-ге дейін ұзартылады. Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан артық жүруге тыйым мен 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуына шектеу сақталады.

Атап айтсақ, келесі нысандардың қызметі бұрынғыша тоқтап тұр:

  • 50-ден аса отыратын орны бар қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (асхана, дәмхана,
  • кофе, мейрамханалардың және басқа да мекемелердің);
  • саны 15 адамға дейінгі кезекші топтарды қоспағанда, барлық мектепке дейінгі ұйым;
  • ойын-сауық объектілері (түнгі клубтар, көрмелер, бильярд және компьютерлік клубтар, балалар ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы батуттар және басқалар);
  • оқу-жаттығу сабақтарын қоспағанда, бассейндер;
  • ойын мекемелері, казино, құмар ойындар өткізілетін ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар.

Жаңа қаулы 22 қарашада 7:00-ден бастап күшіне енеді.

Сонымен қатар, Шымкент қаласында карантин 7 желтоқсанға дейін ұзартылды. Тиісті қаулымен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.

Өзгелердің жаңалығы