Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өкпе қабынуынан бүгін Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров қайтыс болды. Ол бірнеше жылдан бері ауыл шаруашылығы саласына жетекшілік етіп, оның дамуына өз үлесін қосқан еді.
Бұл туралы Хабар24 хабарлады.Сонымен қатар, осы дерттен облыстың бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов те көз жұмған еді. Осы лауазымда бір жылдан аса қызмет еткен марқұм өңірде коронавирус індетінің таралмауы үшін қауіпсіздік талаптарын енгізіп, ел амандығын сақтау мақсатында еңбек еткен болатын.