Алматы облысының бас санитар дәрігері қайтыс болды

10 Шілде 2020, 09:39
2196
Бөлісу:
Алматы облысының бас санитар дәрігері қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов қайтыс болды.

Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қайрат Баймұхамбетов пневмониядан көз жұмған. 

Қайрат Қажыманұлының туған-туыс жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Ол Гиппократ антына берік болып, індетпен күрес кезінде көз жұмды, - деп жазды Амандық Баталов фейсбуктегі парақшасында.

Қайрат Баймұхамбетов 1964 жылы 16 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында дүниеге келген. 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын "дәрігер гигиенист-эпидемиолог" мамандығы бойынша, 2006 жылы Шығыс Қазақстан аймақтық университетін бітірген. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, Мемлекеттік қызметшілерге қосымша білім беру институтында біліктілігін арттырудан өткен.

Институтты бітіргеннен кейін 1991 жылдан бастап Тың темір жолы санитарлық-эпидемиологиялық стансасы Көкшетау бөлімшесінің санитар дәрігері болып жұмыс істеді. 1993 жылдан бастап Коммуналдық гигиена бойынша дәрігер, Күршім аудандық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының санитарлық бөлімінің меңгерушісі, 2001 жылдан бастап Шығыс қазақстан облысы Глубокое аудандық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының бас дәрігері болып жұмыс істеді. 2013 жылдан 2016 жылға дейін Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы, Ақмола облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы лауазымында жұмыс істеді.

2016 жылы ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы болып қызмет еткен. 

Өзгелердің жаңалығы