Алматы көшелерін қардан тазарту үшін 2 мыңға жуық адам жұмылдырылды

21 Қараша 2019, 13:49
2115
Бөлісу:
Алматы көшелерін қардан тазарту үшін 2 мыңға жуық адам жұмылдырылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы қаладағы қарды тазарту жұмыстары қалай жүргізіліп жатқаны жайлы хабарлады.

Басқарманың мәліметінше, 21 қараша күні таңғы сағат 05:40 бастап Алматыда қар жауа бастаған және ол кешке дейін жауады деп болжануда. 


Коммуналды қызмет қар жауа бастаған сәттен бастап көшеге мұзға қарсы материалдарды себуді қолға алды. Қаладағы қарды тазалау жұмыстары жүріп жатыр, сонымен қатар қар басылғанша көшелерге көктайғаққа қарсы құм және өзге де материалдар себіледі. Қарды тазалау жұмысына 499 арнайы техника тартылды, оның 192-сі құм сепкіштер, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қаладағы қарды тазалауға 1718 адам жұмылдырылғаны хабарланды.

Сағат 09:00 дейін жұмысшылар көктайғаққа қарсы 1247 тонна материалды сеуіп үлгерді. Қазір жол жиегіндегі тратуарларды тазалауға күш жұмсалып отыр. Қала әкімдігі мен аудандық әкімдіктерде қарды тазалау бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін жұмыс топтары құрылды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы