Бас жаңалықтар
Алматы көгінде тікұшақтар не істеп жүр?
13 Тамыз 2020, 13:43 3779

Алматы көгінде тікұшақтар не істеп жүр?

Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы тікұшақтардың қала көгінде неліктен жүргенін түсіндірді.

Алматы қалалық полиция Департаментінің мәліметінше, оның мақсаты - қаладағы қозғалыс ахуалына жалпы талдау және мониторинг жүргізу, қолмен реттеуді ұйымдастырудың ең қолайлы қиылыстарын анықтау, қаланың негізгі көшелерін зерттеу, кептелу құбылыстарының себептері мен жағдайларын зерттеу және жою.
Соңғы жылдары Алматы қаласының көшелерінде және автокөлік жолдарында көлік ағындарының тығыздығы едәуір артты, осыған байланысты полиция жол қозғалысын ұйымдастыруды жақсарту бойынша шаралар қабылдауда. Жол қозғалысына кедергілердің себептерін анықтау, қозғалысты ұйымдастыруға өзгертулер мен түзетулер енгізу туралы жедел шешім қабылдау үшін жол бойындағы қауіпсіздіктің жай-күйін едәуір жақсартатын және ірі қаланың жолдарындағы жазатайым оқиғалар мен жарақаттану деңгейінің төмендеуіне тиімді әсер ететін тікұшақ патрульдерін қала бойынша қайта іске қосу туралы шешім қабылданды, - дейді Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.
Полиция сонымен қатар кешеден бері әуе рейсі ТЖД тікұшағының негізінде орындалғанын айтты.  Әуе күзетіне әкімшілік полицияның және жергілікті полиция қызметінің басшылары қатысады, олар жолдағы жағдайды құстың көзімен бақылайды және патрульдік бригадаларға онлайн режимінде қозғалыс қиын жерлер туралы ақпараттар береді.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...