Алиментті қалай өндіріп алуға болады?

27 Қыркүйек 2021, 15:34
2726
Бөлісу:
Алиментті қалай өндіріп алуға болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы заңгер, ерекше баланың әкесі Михаил Скриптон «Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалары бар отбасыларды қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» жобасының қорытындысы бойынша өткен брифингте айтты.

Көп жағдайда алиментке қатысты сұрақтар көп келеді. Ерекше балалар мен сау балалардың әкелері ажырасқан соң, алимент төлеуден бас тартып жатады. Осыған орай, «алиментті қалай өндіріп алуға болады?» деген сұрақтар жиі келеді, - деді ол.

Скриптонның айтуынша, алимент өндірудің процедурасы бар.

Ол өзара келісу арқылы жүзеге асырылады. Ал бұған келіспеген жағдайда сот тәртібінде алимент өндіруге болады. Бірақ ол өте көп уақытты қажет етеді. Кейбір әкелер төлем жасаудан құтылып, жасырынып та жүреді. Сондай-ақ ерекше жандарға төленетін жәрдемақы, көмек туралы білу сұрақтарын қойып жатады, - деді ол.

Заңгер атап өткендей, ата-аналар ерекше балаларға берілетін жеңілдіктер жайлы білмей жатады.

Яғни, оларға білімнің қолжетімділігі мен жеңілдіктері туралы ақпарат көп жағдайда жетпейді. Осы сынды мәселелерді талқыладық,- деді ол.


Өзгелердің жаңалығы