Бас жаңалықтар
Алдағы уақытта QazVac вакцинасы Сауд Арабиясында өндірілуі мүмкін
PHOTO
27 Қыркүйек 2021, 11:21 1100

Алдағы уақытта QazVac вакцинасы Сауд Арабиясында өндірілуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында Ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысы өтті.

Жиынға инвестициялар министрі Халид А. Әл Фалих бастаған Сауд Арабиясы Корольдігінің делегациясы мен САК мемлекеттік органдарының 50-ден астам өкілдері қатысты.


Екі елдің 170-ке жуық іскер топ пен бизнес өкілдері арасында жеке секторды дамыту, серпінді қоғам құру мәселелерін талқылады.


Атаулы шара барысында Корольдік халықаралық саудадағы бәсекеге қабілеттілікті арттыратын «Saudi Vision 2030» ұлттық бағдарламасын іске асыру кезіндегі тәжірибесімен бөлісті.


Еліміздің Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қазақстандық бизнестің Сауд Арабиясының іскер топтарымен ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі екенін атап өтті. Оның айтуынша, екі мемлекет екі жақты экономикалық байланыс кезінде жаңа серпін беретін инвестициялық жобалар ұсынып, ынтымақтастықты арттыру қажет.


Сондай-ақ Форум барысында Сауда және интеграция министрі қос ел арасында тікелей әуе рейстерінің ашылуы бизнестегі өзара қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.


Биыл қазан айында еліміздің SCAT әуе компаниясы Алматы – Джидда бағыты бойынша тікелей рейстерді қайта жандандырады. Онымен қоса біз алдағы уақытта Сауд Арабиясымен визасыз режимді қайта жандандыруды жоспарлап отырмыз. Бұл Сауд Арабиясының азаматтарына елімізде емін-еркін келуге жол ашады, - деді министр.

Сонымен қатар Бақыт Сұлтанов өз сөзінде, Сауда Арабиясы мен Қазақстан арасында отандық QazVac вакцинасын мақұлдау туралы келіссөз жүргізуге ниетті екенін мәлім етті.


Біз вакцинациясы құжаттарын екі жақты мақұлдауды қолдаймыз. Ол байланыс арасында шектеулер санын азайту мақсатында іске асырылады. Егер Сауд Арабиясы QazVac вакцинациясына қызғушылық танытқан жағдайда, вакциянаны Арабия Корольдігіне жеткізу, сондай-ақ сол ел аумағында өндіру мүмкіндігін ұсынады, -дейді Сауда және интеграция министрі.

Сыртқы істер министірінің орынбасары Алмас Айдаровтың мәлімдеуінше, «Saudi Vision 2030» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан мен Сауда Арабиясы тиімді нәтижелерге қол жеткізеді.


Сауда Арабиясы кәсіпкерлікті дамыту, экономиканы әртараптандыру сонымен қатар әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру бойынша әлемнің көптеген елдері үшін табыс модельге айналды. Біз «Saudi Vision 2030 стратегиялық бағдарламасының табысы мен тиімді нәтиже беріп отырғанына қуаныштымыз. Ауыл шаруашылығы, мұнай химиясы, ТКМК, ЖЭК, қаржы және т.б сияқты экономика салаларында ынтымақтастығымызды одан әрі дамыту үшін біздің әлеуетіміз бар деп есептеймін, - деді форумда Сыртқы істер министірінің орынбасары.





Фото: Артём Чурсинов
Загрузка...