Бас жаңалықтар
Алдағы күндері ауа температурасы 39 градусқа дейін көтеріледі
15 Мамыр 2021, 04:23 187

Алдағы күндері ауа температурасы 39 градусқа дейін көтеріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» мамандары алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның көптеген аймағында Солтүстік-Батыс антициклонының әсерінен бұлтты және құрғақ ауа райы сақталады.

Еліміздің солтүстік жартысында түнде климаттық нормадан 8....16 °С, күндіз 25...33°С жоғары, Батыс және оңтүстікте 28...36 °С жоғары болады.

Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында ауа райы құбылмалы болады. Күн күркіреп, жаңбыр жауып, найзағай болады деп күтілуде. Кейбір жерде бұршақ жаууы мүмкін.

15 мамырда Алматыда көшпелі бұлт шығады, аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде 7-9°С, күндіз 16-18°С жылы болады.16 мамыр күні көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауады, найзағай ойнайды және бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 20-22 жылы, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Аптаның басында мегаполисте жауын-шашын күтілмейді. Күн ашық болады. Ауа температурасы 23-25°С ыстық болады.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...