Бас жаңалықтар
Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды
10 Желтоқсан 2019, 18:08 2389

Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2019 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Қаулыға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның шешімін қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2019 жылғы мемлекеттік сыйлығы:

1) "Ұлттық құрамы бар, балаларға арналған және емдік-профилактикалық тағам өнімдерін ғылыми әзірлеу және өнеркәсіптік өндіру бойынша инновациялық кластерлер" тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:

"Қазақ тағамтану академиясы"қоғамдық бірлестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi Төрегелдi Шармановқа;

"Қазақ тағамтану академиясының "Амиран" зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, "Қазақ тағамтану академиясы" қоғамдық бірлестігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аға ғылыми қызметкері Жанкелді Мұсылманбекұлы Әбжаппаровқа;

"ЕвразияИнвест LTD" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Қадырбек Қақуұлы Мейрамбековке;

"ЕвразияИнвест LTD" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары, экономика ғылымдарының магистрі Ғалымжан Қадырбекұлы Мейрамбековке;

"Қазақ тағамтану академиясы" қоғамдық бірлестігі" жауапкершілігі шектеулі  серіктестігінің  вице-президенті,  биология  ғылымдарының  докторы, профессор Юрий Александрович Синявскийге;

"Ордабасы құс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің байқау кеңесінің төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты Сергей Александрович Терещенкоға;

"Қазақ тағамтану академиясының "Амиран" зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, "Қазақ тағамтану академиясы" қоғамдық бірлестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының докторы Руслан Борисович Юнге;

2) "Қазақстан Республикасы табиғи-шаруашылық жүйелерін ұлттық қауіпсіздік тұрғысында сумен тұрақты қамтамасыз ету саласындағы ғылыми жұмыстар циклі" тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:

"География институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, география ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Ахметқал Медеуге;

"География институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының ғылым жөніндегі орынбасары, география ғылымдарының кандидаты Саят Құрбанбайұлы Әлімқұловқа;

"Қазақ ұлттық аграрлық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректор, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Тілектес Исабайұлы Есполовқа;

"География институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, география ғылымдарының докторы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Игорь Михайлович Мальковскийге;

"География институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, география ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Игорь Васильевич Северскийге;

"География институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің табиғи-шаруашылық жүйелерді сумен қамтамасыз ету және математикалық модельдеу зертханасының жетекшісі, география ғылымдарының докторы Лидия Серғазықызы Төлеубаеваға;

"География институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің су ресурстарын бағалау зертханасының жетекшісі, география ғылымдарының кандидаты Айсұлу Алашқызы Тұрсыноваға;

3) "Мал шаруашылығын дамытудағы жаңа инновациялық жетістіктер (мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, түйе шаруашылығы, ветеринария)" тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін:

"Байсерке-Агро" оқу ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Дәурен Маратұлы Бекеновке;

"Байсерке-Агро" оқу ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аға ғылыми қызметкері, PhD докторы Мурат Ашрафович Алиевке;

"Байсерке-Агро" оқу ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік ғылымдар академиясының академигі Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхамбетовке;

"Байсерке-Агро" оқу ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Николай Петрович Ивановқа;

"Байсерке-Агро" оқу ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының докторы Айдар Мырзахметұлы Наметке;

"Байсерке-Агро" оқу ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері,  ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Төлеухан Садықұловқа;

"Байсерке-Агро" оқу ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аға ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының магистрі Сәуле Нұрғалиқызы Сарымбековаға;

"Байсерке-Агро" оқу ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Ахметжан Әкиұлы Сұлтановқа;

4) "ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамының мұнай құбыры маршруттары бойынша мұнай және мұнай қоспаларын тасымалдауда энергия үнемдеуді ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін: 

"Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Ескендір Қалыбекұлы Бейсембетовке;

"Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының "Энергетикадағы модельдеу" ғылыми-өндірістік зертханасының "Компьютерлік модельдеу және бағдарламалық қамтылым" бөлімінің басшысы, техника және технология магистрі Тимур Талғатұлы Бекібаевқа;

"Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының "Энергетикадағы модельдеу" ғылыми-өндірістік зертханасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Ұзақ Қайырбекұлы Жапбасбаевқа;

"Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық  емес  акционерлік  қоғамының  ғылым  жөніндегі  проректоры,

"Металлургия және кен байыту институты" акционерлік қоғамының бас директоры – басқарма төрағасы, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Бақдәулет Кенжалыұлы Кенжалиевке;

"ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамының Техникалық саясат департаментінің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар және инновация секторының бас менеджері, химия ғылымдарының докторы, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Ербол Махмотовқа;

"ҚазТрансОйл" акционерлік қоғамының Техникалық саясат департаментінің  директоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Берік Қартаңбайұлы Саяховқа берілсін.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті                                                                                     Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы  6 желтоқсан                             № 210


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...