Бас жаңалықтар
Альберт Фишлер: Әл-Фараби үшін музыка – физикалық феномен
14 Қазан 2020, 16:57 100

Альберт Фишлер: Әл-Фараби үшін музыка – физикалық феномен

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Әл-Фараби математика мен физика сынды екі тұжырымдамаға сүйенген. Бұл туралы франциялық профессор Альберт Фишлер Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Ұлы ғұлама әл-Фарабидің әлем өркениетіне ықпалы» атты халықаралық онлайн конференция барысында айтты.

Францияның құрметті профессоры, Академиялық Пальма орденінің, ҚР Президентінің Бейбітшілік және келісім сыйлығының иегері, Үлкен әл-Фараби алтын медалінің иегері Альберт Фишлердің баяндамасы әл-Фарабидің музыка ғылымына, іліміне қосқан зор үлесі жайлы болды.

Музыка жайындағы үлкен кітапта «табиғи болған барлық нәрсе адамға жан рахатын сыйлайды» деген әл-Фарабидің сөзі бар. Бұл үндеуді әл-Фараби Х ғасырда өзінің Музыка кітабында жазған еді. Бұл кітаптағы жалпы жүйені, ой-сананы қарайтын болсақ, ондағы теория мен жазылған музыкалар Хикмет пен бақытты көздейді. Сонымен қатар, математика мен физика сияқты екі тұжырымдамаға сүйенеді. Міне, осы екеуіне сүйене отырып, рационалды жолмен музыка теориясын жазып шыққан, - дейді профессор. 

Сонымен қатар, ол әл-Фараби дәуірінде музыкалық дәстүр жазбаша түрге көшкенін атап өтті.

1930 жылы Рудольф Бердонже деген адам мың беттен астам Орта ғасырлық «Араб музыкасы» жайлы зерттеу еңбегінде әл-Фарабидің халықаралық музыка қауымдастығына, әлемдік музыка мұрасына және Араб музыкасына қосқан үлесі жайында айтып, дәлел қалдырған. Сондай-ақ, ол музыка деген нәрсе философия мен үндестік екеуіне қарап тұрған бөлме іспеттес деп сипаттаған. Әл-Фарабидің дәуірі музыкалық дәстүрдің жазбаша түрге көшкен кезеңі болған. Бұрынғы Грек дәуіріндегі музыкалық дәстүр ауыз әдебиеті сияқты тарап келсе, әл-Фарабидің кезінде музыка жүйелі ноталар арқылы жазбаша дәстүрге көшкен, - дейді Альберт Фишлер. 

Ғалымның айтуынша, әл-Фараби үшін музыка – физикалық феномен. Яғни, физикалық ұғым. 

Өйткені шығарылған дыбыс молекулалардың тербелісі арқылы ауаға шығып, есту түтігіне келеді. Оның бәрін ол өз кітабында кеңінен жазып қалдырған, - дейді ол.

Фото: дереккөз
Загрузка...