Ақтөбеде жоғалған жасөспірім жалдамалы пәтерден табылды

25 Желтоқсан 2020, 05:15
1204
Бөлісу:
Ақтөбеде жоғалған жасөспірім жалдамалы пәтерден табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғалған жасөспірім Ақтөбедегі жалдамалы пәтерлердің бірінен табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

23 желтоқсанда кезекші бөлімге 36 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Ол сырғанақ тебуге сұранған 15 жастағы ұлының жоғалғандығын мәлімдеді.

Полицейлер ауқымды іздестіру шараларын жүргізіп, жасөспірімнің болуы мүмкін барлық жерін тексерді. Келесі күні таңертең олар жасөспірімді достарымен бірге тұрған қаланың жалдамалы пәтерден тапты.

Бала ата-анасына беріліп, олармен кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді, - дейді полиция қызметкерлері.
Полиция қызметкерлері азаматтарды немқұрайлы болмауға және ересектердің қарауынсыз жүрген балаларға назар аударуға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы