Ақтөбе облысында екі күнде 4,5 млн теңге алимент қарызы өндірілді

26 Мамыр 2021, 21:40
2605
Бөлісу:
Ақтөбе облысында екі күнде 4,5 млн теңге алимент қарызы өндірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының жеке сот орындаушылары екі күнде 4,5 млн теңгеден астам алимент қарызын өндіріп алды, деп хабарлады Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының баспасөз қызметі.

Нотариус Ақтөбе облысының тұрғынына қызмет көрсетуден бас тартты. Ер адам алимент бойынша борышкер болғандықтан, жеке сот орындаушы нотариустің көмегіне жүгінуге тыйым салған.

2019 жылдан бері баласының алдындағы қарызы 1 455 777 теңгеге өсіп кеткен. Берешекті өтеуден басқа ер азаматтың амалы қалмаған.

Облыстың екінші борышкері төрт жыл бойы үш баланың күтіміне ақша төлемей, 3 306 434 теңге қарыз жинаған. Берешекті өндіру үшін жеке сот орындаушысы оның мүлкіне тыйым салды. Жылжымайтын мүлікті сатудың ұзақ процедурасынан кейін, электронды аукцион арқылы сату кезінде, борышкер мүлікті өзіне қалдырып, алименттік қарызын толығымен өтеді.

Өзгелердің жаңалығы